Бішкек. 6 маусым. 7kun.kz - Өмүрбек Текебаев 2010 жылы ресейлік бизнесмен Леонид Маевскийден 1 млн доллар пара алды деп айыпталып отыр. Есесіне ол бизнесменге "Альфа телеком" атты қырғыз компаниясын сатып алуға көмектесемін" деп уәде берген.
Қырғызстан астанасындағы Первомай аудандық соты дүйсенбіде "Ата-мекен" парламент фракциясының лидері Өмүрбек Текебаевқа қатысты коррупция мен алаяқтық баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды. Сот концеляриясындағылар процеске Айбек Эрнис уулу төрағалық етіп отырғанын айтқан.
Қырғыз елінің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Мемлекеттік мүлікті басқару қорының жетекшісі Шералы Абылдаевқа сырттай айып тақты, деп хабарлады МҰҚК.
"Қазіргі таңда ол (Абылдаев) тергеуден жасырынып жүр, оған сырттай республика қылмыстық кодексінің "коррупция" бабы бойынша айып тағылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге баспасөз қызметіндегілер қазір МҰҚК-і оның орналасқан жерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатқандығын айтты.
МҰҚК Абылдаевтың "Ата-мекен" оппозияциялық парламент фракциясының көшбасшысы Өмүрбек Текебаевтың ісіне де қатысы бар екендігін айтады.
Бұған дейін "Ата-мекен" партиясы Текебаевты президенттікке үміткер ететіні туралы хабарлаған. Қырғыз мемлекетіндегі президент сайлауы 2017 жылдың қазанында болады. Қырғыз Республикасының оппозициялық парламент фракциясына "Республика-Ата-Журт" және "Онугуу" партиялары да кіреді.
Қырғыз Республикасында ұлттық парламент депутаттары дербес құқыққа ие. Бірақ ол ауыр қылмыс жасаған депутаттарға жүрмейді. Оның ішінде жемқорлық та бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024