Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано атомдық генерация нарығының дамуында және бейбіт атомның бейэнергетикалық қолданысындағы Ресейдің маңызды рөлін атап өтті.
МАГАТЭ бас директоры Ю. Амано Петербор халықаралық экономикалық форумына жасаған сапары аясында алғаш рет Ленинградтық атом станциясына келіп, қолданыстағы жетілдірілген энергоблоктар жұмысымен танысып, «3+» буынды ВВЭР-1200 (екінші кезек, ЛАЭС-2 алаңы) жаңа энергоблогының іске қосу операциясының басталуына дайындығын бағалады.
Сапар барысында Амано мырза ЛАЭС ядролық қауіпсіздік жүйелеріне жоғары баға беріп, о бастан жаңа ресейлік блок, осыған дейінгі жобаларға қарағанда, қосымша қорғаныш жүйелерімен қамтылғанын атап өтті. ВВЭР-1200 блогының көпдеңгейлі қорғанышы ерекше әсер қалдырып, бір жүйе бұзылған жағдайда, екіншісі іске қосылатыны өте орынды», - деді ол.
Сапардың соңында ресейлік журналисттермен өткен кездесу барысында Ю. Амано Ресейдің МАГАТЭ жұмысына атомдық энергетика саласында да, сондай-ақ бейэнергетикалық салаларда да бейбіт атомның қолданысы бойынша қосқан зор үлесін атап көрсетті. «Атмосфераға жылыжай газдарын ең төмен деңгейде шығару тұрғысынан ядролық энергетика электр энергиясын өндірудің ең экологиялық әдісі. Қоғамның әл-ауқатын жоғарылату мақсатында атомдық энергетиканы дамыту қажет, әрі бұл жалғаса бермек. Ресей осы процесстің белсенді ойыншысы болып табылады», - деді МАГАТЭ басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024