Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Сәуір айында Қазақстанның ипотека нарығы 12 пайызға қысқарған. Бұл еліміздің барлық аймағына қатысты мәлімет екенін хабарлады ranking.kz сараптама агенттігі.
Ипотека нарығының дәл бұлай қысқаруы соңғы рет бес жыл бұрын, яғни 2012 жылдың сәуірінде болған еді. Ол кезде еліміздегі ипотека көлемі 15 пайызға кеміген.
Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылдың сәуірінде ипотека портфелі 119,4 млрд теңгеге кемісе, өткен жылдың осы айында екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) ипотекалық портфелі тек 0,6 млрд теңгеге қысқарған.
2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы ЕДБ-тердің ипотекалық портфелі 998,4 млрд теңгеге жеткен.
Қазақстандағы ипотека портфелінің көлемі айтарлықтай азайып жатса, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің (ТҚЖБ) позициясы керісінше күшейе түсті. Мысалы, ҚР ЕДБ ипотекалық портфелінің 40,2 пайызы ТҚЖБ-іне тиесілі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024