Астана. 10 маусым. 7kun.kz - "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов ЭСКПО-ны өткізуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты.
"Бұл жобаның қаншаға түскенін әзірге дөп басып айту қиын. Біз мұндай статистиканы міндетті түрде жариялайтын боламыз. Ал әзірге, бәрін қосқанда 400 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Оның ішінде нысандардың құрылысы мен әр-түрлі іс-шараларды өткізу де бар", - деді Есімов баспасөз конференциясында.
ЭКСПО-2017 көрмесі маусымның 10-ында ашылды. Астанадағы халықаралық көрмеге әлемнің 100-ден астам мемлекеті қатысып жатыр. ЭКСПО қыркүйектің 10-ына дейін жалғасады. Көрмеге кіру ақысы 4000-8000 теңгенің арасында болмақ. Павильондарды тамашалау да билет құнына кіреді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024