Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Алматыда арнайы қызмет өкілдері "Ұйымдасқан қылмыстық топты" қолға түсіру бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазды rus.azattyq.org.
Бүгін КТК телеарнасы Алматыдағы ең ірі зауыттардың бірінде тінту жүргізілгені хабарлады. Оның басшысы, танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы қылмыстық топты басқарып келген деген күдік бар. Арнайы қызмет өкілдері топ жетекшісінің ізіне түскеніне біраз уақыт болғанын мәлімдеген.
Бұл зауыттың басышысы - "Атамекен" Кеңесі" экономикалық палатасының президиумына кіретін 51 жастағы бизнесмен Мұратхан Тоқмәди.
"ҚазСтройСтекло" компаниясының басшылығы тінту жүргізілгенін растаған.
- Ия, тексеріп келді. Ештеңе білмеймін, түсінбей отырымын. Өндіріс жұмыс істеп тұрғанымен, жалпы жұмыс тоқтап тұр. Компьютерлерді, құжаттарды алып кетіп жатыр, - деді зауыттың Астанадағы кеңсесінде отырған "Қазстройстекло" компаниясының бас директоры Людмила Шепелева. Шепелова қазір Мұратхан Тоқмәдидің қайда екенін білмейтінін айтқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024