Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трампты 200-ге жуық конгрессмен сотқа берді

Дональд Трампты 200-ге жуық конгрессмен сотқа берді

Вашингтон. 15 маусым. 7kun.kz - АҚШ Президенті Дональд Трампты 200-ге жуық демократ-конгрессмен сотқа берді, деп хабарлайды Reuters.

Конгрессмендер "шетелдік үкімет басшылары Трампты оның бизнесіндегі келісім шарттар арқылы қаржыландырып отырған" деп есептейді. Арыз берушілер "осылайша президент Конституцияға қарсы әрекет жасады" деп айыптап отыр.

Арызда президент инаугурациясынан кейін оның компаниялары шетелден қаражат алып отырғаны, бірақ олардың ешқайсысы үшін Трамп конгрестен рұқсат алмағаны туралы жазылған.

Арыз берушілердің 30-ы сенатор, 166-сы қауымдық палата мүшелері. Олардың айтуынша, мұндай ауқымда президентке қарсы конгрессмендердердің жаппай арыз түсіруі АҚШ тарихында болмаған.

Бұған дейін Ақ үй өкілдері Трамп бизнесі ешқандай конституцияны бұзбағанын мәлімдеген еді.

 

Похожие материалы