Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ активтері Әзербайжан үкіметінің қарызына аударылуы мүмкін.
Келімбетов Қазақстан үкіметі жақын арада өтетін ХӘБ қарыздарын қайта құрылымдауға қатысты дауыс беруде осындай позицияны ұстанатынын атап өтті. Бұл туралы БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов сәрсенбі күнгі Астана экономикалық форумының кулуарында айтты, деп жазды Vласть.
Оның айтуынша дауыс беру процедураларының нақты күні бүгін-ертең белгілі болады.
"Менің ойымша, Қазақстан екінші опцияны таңдайды. Ол бойынша зейнетақы қорындағы банк облигацияларына салынған барлық қаражат Әзірбайжан үкіметінің облигацияларына конвертацияланады, яғни 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылдық мерзімдік евробондтарға аударылады", - деді Келімбетов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024