Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - Өткен аптада Қазақстанның қор биржасында аймақтық әкімдіктердің облигациялары қайта саудаланды. Бұл осы аптада да жалғасын таппақ.
Forbes.kz сайтының хабарлауынша Маңғыстау облысының әкімдігі жылына 0,15 пайыздық мөлшерлемемен 479,8 млн теңге көлеміндегі екі жылдық облигацияларды тартады.
Дәл осы шарт бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де 1,35 млрд теңге алса, Павлодар облысының әкімшілігі 278,95 млн теңге тарта алған.
Маусымның 20-сында Алматы қаласы да 2,37 млрд теңгелік облигацияларын саудалайды, ал Қарағанды облысы - 927,6 млн тенге, Ақмола облысы - 313 млн тенге, Батыс Қазақстан облысы - 1,059 млрд тенге, Қостанай облысы - 215 млн тенге, сонымен бірге ең ірі 3 млрд теңге көлемінде облигация шығарған Астана қаласы болды.
Биржаның шарттары бойынша облигацияларды сатып алушынің кім екені жария етілмейді. Бірақ қаржыгер Расул Рысмамбетов бұл облигацияларды әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру мақсатында "Бәйтерек" холдингі сатып алуы мүмкін екенін айтады.
Бірақ неліктен шығын әкелетін мұндай облигациялардың биржа арқылы шығарғаны түсініксіз. Жылдық инфляция 6-8 пайыз екенін ескерсек, оның жылына 0,15 пайыздық мөлшерлемемен шығарылуының өзі бұлардың шығын облигацияларға жататынын дәлелдеп тұр. Сондықтан қаржыгер жақын арада "Бәйтерек" холдингі осы бағдарлама бойынша зиян шегуі мүмкін екенін айтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024