Астана. 21 маусым. 7kun.kz - Астанада өткен General Electric конференциясында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан "газ дәуіріне" қалай келетіні жайлы айтып берді.
Оның айтуынша, қазақстандық газ экспорты ең тиімді саналатын аймақ - ол Қытай нарығы.
"Сіздер білесіздер, біздің Қытайға экспорттау үшін тамаша мүмкіндіктеріміз бар - төзімді құбыр жүйесі, мысалы. Және күзде ол жаққа газ жеткізу үшін Қытай тарапымен барлық келісімдерді жасадық. Болашақта бұл үздіксіз процеске айналады деп сенемін, - деді Қанат Бозымбаев.
Ал ішкі нарыққа келер болсақ, энергетика министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға қарай халықты газбен қамту 56 пайызға жетіп, 8,5 миллион адамды құрайды. Соңғы 7 жылда қазақстандықтардың газды тұтынуы екі есеге артқан.
"Осылайша, 2030 жылға қарай біз 18-20 млрд текше метр газ пайдаланатын боламыз", - деді Бозымбаев.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024