Астана. 26 маусым. 7kun.kz - Маусымның басынан бері Астана әуежайына 140 мың шетелдік мейман келді. Бұл туралы бүгін туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы «Нұр Әлем» сферасы өзінің бірегей сәулетімен және ішіндегі мазмұндық көрінісімен адамдарды қызықтыратынына тоқталған Есімов, соңғы күндері оған 150 мыңға жуық адам барғанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, жалпы ЭКСПО-ға 400 мың адам барды.
«Көрмеге әлемнің көптеген елінде қызығушылық танытты. Бұл айтулы шараға билеттерді 55 елдің азаматтары сатып алды. Осы ретте туристердің келіп жатқанын байқаудамыз. Мусымның басынан бері Астана әуежайына 140 мың шетелдік мейман келді, бұл өз кезегінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге артық»,-деді Басқарма төрағасы.
Белгілі болғандай, көрмеде еріктілер ретінде 46 елдің өкілдері қызмет етуде. Бұдан бөлек, А. Есімов көрмені халықаралық деңгейде насихаттауда елеулі жұмыстар атқарылғанын, осы ретте бүгінде 1,5 млрд адам қамтылғанын, ал көрме соңына дейін бұл көрсеткіш 2,5 млрд адамға жететінін сөз етті.
Көрме жайында ақпарат халықаралық ірі әуежайларда және өзге де маңызды нысандарда орналастырылуда, сондай-ақ Google компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық іске асырылып, жарнамалар алдыңғы қатарлы әлемдік телеарналарда көрсетілуде.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің салтанатты ашылуынан шетелдің БАҚ-тың 800-ден астам өкілі хабар таратты. Көптеген елдерде бұл шара тікелей эфирде көрсетілді»,-деді ол. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Аxметжан Есімов ЭКСПО-ны көріп кету көрсеткіші қаншаға жеткенін хабарлаған болатын.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024