Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алакөлде демалу Түркия мен Араб Әмірліктеріне барудан да қымбат - Мұхамедиұлы

Алакөлде демалу Түркия мен Араб Әмірліктеріне барудан да қымбат - Мұхамедиұлы

Астана. 26 маусым. 7kun.kz - Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 медиаорталығында өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Журналистердің сауалына жауап берген Мұхадиұлы: "Оның ешқандай құпиясы жоқ. Алакөлде немесе басқа да демалыс орындарында тынығу Туркия мен Араб әмірліктеріне барып қайтқаннан қымбат. Әрине, еліміздегі бағаның қымбаттығы бәрінің шамына тиеді. Бірақ балама демалыс орындары мен ұсыныс көбейгенде ғана баға төмендейді. Сондықтан біз ішкі туризмнің ауқымы кеңейгенін қалаймыз", - деді.

Оның айтуынша, Қазақстанның туристік ресурстары шектеулі, ал курорттық аймақтардың иелері қымбат бағаны сақтап қалады. "Концепция (2020 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту - авт.) дегеніміз не?Бұл қабылдап, артынан жауып қоятын жәй ғана бағдарлама емес. Онда біз кейіннен барлығын жазып отыратын заңды тұрғыда қарастырылған актілер болады. Сонымен бірге, әрине, оны барлық органдар орындауы тиіс. Біз концепцияның тезірек қабылданып, жүзеге асырылуына жағдай жасап жатырмыз", - деді министр.

Сонымен бірге, ол ертең, 27 маусымда, үкімет отырысында туристік қызметтің дамуы туралы концепция талқыланатынын айтты. Ол жерге арнайы қонақ ретінде Әлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи шақырылған.

Похожие материалы