Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Журналистердің сауалына жауап бермеген қызметкер жұмыстан кетеді - Абаев

Журналистердің сауалына жауап бермеген қызметкер жұмыстан кетеді - Абаев

Астана. 27 маусым. 7kun.kz - Қазақстан журналистердің сауалына дер кезінде жауап бермеген қызметкерді жұмыстан шығаруы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Парламент мәжілісінің кулуарында айтты.

"Журналистер соңғы кездері жауап берілген ақпараттың сапасыздығын айтып шағымданып жатыр. Біз барлық мерзімді журналистердің пікірімен санаса отырып жазып шықтық... Ал журналистің сұрағына уақытында жауап бермеген қызметкер жұмыстан шығарылады. Бұл қарастырылған", - деді министр.

Оның айтуынша, БАҚ сауалына жауап беру мерзіміне де түзетулер енгізіледі. "Қазір ресми хабарлама бар. Сол хабарламаның аясында олар сізге екі күн ішінде жауап беруі керек. Егер сізде басқа бір ресми сауалхатқа байланысты емес сұрақ туындаса, онда сізге 15 күн ішінде жауап береді. Біз бұл мерзімді мемлекеттік орган сізге сапалы жауап берсін деген мақсатпен әдейі ұзарттық. Біз бәрін анықтадық. Қазір журналистердің 90 пайызы алған жауаптарына көңілдері толмайды", - деді Абаев.

Сонымен бірге, министр квазимемлекеттік және мемлекеттік органдарда БАҚ-пен жұмыс істейтін өкілдер пайда болатынын айтты.

"Жаңа қызмет пайда болады - уәкілетті тұлға. Бұл адамды баспасөз хатшысы, реми уәкіл, департамент директоры деуі мүмкін, бірақ ол БАҚ үшін жауап беретін болады. (...) Тікелей жетекшіге бағынады", - деді ақпарат және коммуникация министрі.

Похожие материалы