Алматы. 4 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар- мамырында өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 2016 жылға қарағанда 6 пайыз аз. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2017 жылдың алғашқы бес айында телекоммуникацияға салынған инвестицияның жалпы көлемі 18,3 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,4 пайызға аз. Сондай-ақ, 2016 жылы ақпарат пен байланысты күшейту үшін құйылған қаржы 63,1 миллиард теңге болды. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 39,3 пайызға кем. Телекоммуникацияның жеке инвестициясы бір жылда 755 миллион теңгеге (4,1%.) қысқарған. Ал қарыз сомасы –2017 жылдың бес айында 482 миллион теңгеге дейін артты. Дегенмен, сараптама агенттігінің мәліметінше, инвестицияның аздығына қарамастан телекомуникация саласы белсенділік танытып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024