Астана. 10 шілде. 7kun.kz - Қазақстан екі ай ішінде өндірісті өсіру арқылы ОПЕК-пен келісімнен шығуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады.
Министрдің айтуынша, Астана әлі де келісімшартты ұзарту туралы өз позициясын анықтаған жоқ. Алайда, бірнеше ай ішінде келісімнен шығу нұсқасы қарастырылып жатыр. Қараша айында ОПЕК-тің кезекті саммиті өтеді. Мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді республика толықтай орындап отыр.
Министр Халықаралық энергетикалық агенттіктері мен Қазақстан энергетика агенттігінің бағалауы өнім көлемін есептеу өзгешеліктеріне байланысты әр түрлі болып келетіндігін де айтты.
Еске салсақ, 2016 жылдың соңында ОПЕК құрамына кіретін елдер және оған кірмейтін мемлекеттер мұнайдың көлемін тәулігіне 1,8 млн баррелге қысқарту туралы келісімге келген болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024