Астана. 11 маусым. 7kun.kz - Қазақстан мен Қытай аграрлық салада 160 млн долларлық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады.
«Форум аясында жалпы құны 160 млн долларды құрайтын 7 құжатқа қол қойылды. Аталған құжаттардың ішінде 3 сауда келісімі бар. Оған сәйкес біздің «Азық-түлік» корпорациямыз 200 мың тонна астық пен 100 мың тонна майлы дақылдар жеткізеді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы шекаралық аймақта астық пен майлы дақылдарды сақтауға арналған терминал құрылысы да басталады», - деп атап өтті вице-министр.
Оның айтуынша, Қытайдан Қазақстанға көшірілетін 51 кәсіпорынның алтауы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, ал төртеуі азық-түлік саласында болатынын айтты.
Жұмыс күші Қазақстаннан тартылады. Дегенмен, кәсіпорындардың құрал-жабдықтарын орнату жұмыстарына қытайлықтармен қатар шетелдік мамандар да келеді.