Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркияда банкротқа ұшыраған туристік компания басшылары бұрынғы қазақстандықтар болып шықты

Түркияда банкротқа ұшыраған туристік компания басшылары бұрынғы қазақстандықтар болып шықты

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Түркияда банкрот болған туристік компания басшылары бұрынғы қазақстандықтар болып шықты. Қазіргі уақытта «Элит Класс» басшыларына іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Анталиядағы консулы Бауыржан Әбдірахмановтың мәлімдеуінше, «Элит Класс» Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресейлік туристермен де жұмыс істеген. Олардың «банкроттығынан» зардап шеккен 400 адам қазір әуежайда отыр. Өзбекстанның Анталияда консулдығы болмағандықтан, кімге хабарласып, қайда барарын білмей отырғанның көпшілігі осы елдің азаматтары.

Консулдықтың мәліметінше, «Элит Класс» компаниясының басшылары қазір Грецияда жүр. ҚР СІМ мәліметінше олар қазақстаннан шыққан азаматтар. Алайда әлі де біздің елдің азаматы екені немесе түркия азаматтығын алғандары туралы ақпарат жоқ.

Қазақстанның Анталиядағы консулы Бауыржан Әбдірахманов қазақстандықтарға Түркияға келмей тұрып ұшу билеті мен қонақүйге ақшаның төленгенін нақтылап алуды ұсынды.

Похожие материалы