Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ "Қазкоммерцбанктің" капиталын 185 млрд теңгеге ұлғайтты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Халық Банкінің директорлар кеңесі Казкоммерцбанктің жай акцияларын басымдықпен сатып алу құқығын қолдану туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл шешім «Казкоммерцбанк» капиталын ұлғайту шаралары шеңберінде қабылданды. 2017 жылғы 12 шілдеде Халық Банкі басымдықпен сатып алу құқығын пайдаланып, 96,81 пайызға тең үлесіне пропорционалды Казкоммерцбанктің 1 млрд 296 млн 698 мың 676 дана жай акцияларын сатып алды. Одан бөлек, сатып алынған акциялар үшін 185 млрд теңге сомасында төлем жасады. Ол сома Казкоммерцбанктің капиталында 2017 жылғы 12 шілде жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша ескеріледі», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024