Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,5 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізбен 10,5 пайыздың деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Инфляцияның жылдық деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағалауымен келісіледі және мақсатты дәліз аясында қалады. Инфляциялық болжам тұрақты деңгейде қалыптасады.
Баспасөздің хабарлауынша, инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары мен экономика дамуының базалық сценарийінің сыртқы өлшемдердің ауытқуынан болуы мүмкін.
Орта мерзімді кезеңде болжамды инфляцияның өсу қарқынының тежелу бағыты базалық ставканың төмендеу мүмкіндігін арттырады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024