Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сүт және шұжық өнімдерінің импорт үлесі төмендеді

Сүт және шұжық өнімдерінің импорт үлесі төмендеді

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz - Ірімшік импортының 19 пайызға, май 20 пайызға, сүзбе 12 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Сүтті қайта өңдеу бойынша 148 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, олардың 41-і қайта жаңғыртуды талап етеді. Ал 42 шағын кәсіпорын 2021 жылға қарай іске қосылуға тиіс.

«Қазіргі уақытта өңдеуші кәсіпорындардың 60 пайызға жүктеліп тұрғанын атап өткен жөн. Ал 2021 жылға қарай олардың жүктелімі 80 пайызға артады. Міне, осының есебінен сүтті қайта өңдеу көлемі 1,6 млн. тоннаға артып, қайта өңдеу үлесі 31 пайызға жетеді», - деді А.Мырзахметов.

Аталған шаралар сүт өнімдері өндірісі көлемін 49 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірімшік импортының көлемі 70 пайыздан 51 пайызға, май 37 пайыздан 17 пайызға, сүзбе 35 пайыздан 23 пайызға төмендейді.

«Қайта өңдеу картасын жүзеге асыруға инвестициялық қажеттілікті қанағаттандыру негізгі және айналымдағы қаражат есебінен инвестициялық субсидия, сондай-ақ, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері арқылы қамтамасыз етіледі», - деді ол.

 «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтері арасында өзара үйлестірілген инвестициялық саясат пен аграрлық қайта өңдеу жобаларын іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Дереккөз: strategy2050.kz

Похожие материалы