Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - ҚР Қаржы министрлігі салық және кедендік тексерістердің азайып кеткендігіне байланысты мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев хабарлады.
"2017 жылы біз кедендік және салық органдарының тексерісін азайтуды жоспарлап отырмыз. Тексеріс шараларының көп бөлігі қысқартылады. Сонымен қатар, мемлекеттік кіріс комитетіндегі жұмысшылар санын қысқарту мәселесі де қарастырылып жатыр", - деді вице-министр.
Яғни, штаттағы 600 қызметкердің жұмысы қысқартылады. Бұл - қадағалау қызметін атқарушылардың 37 пайызын құрайды.
Атап өткендей, азаматтар салық бойынша есепті "Салық төлеуші кабинеті" арқылы бере алады. Кабинетке кіру мүмкіндігі Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталында, мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтарында бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024