Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 тамыздағы доллардың орташа бағамы 336,06 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 336,40 сауданың аяқталуы кезінде 336,33 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 138 млн 950 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 198.
Ақша айырбастау орындарында 2 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 343 теңгені құраған.