Жаз аяқталуға жақын. Бірақ денсаулықты нығайтып, жаздың шуақты күндерінде демалып үлгеруге бірнеше күн уақытыңыз бар. Назарларыңызға аз күнде барып, дем әрі ем алуға болатын Қазақстандағы ең белгілі әрі пайдалы жерлер туралы ұсынамыз.
ШИПАЛЫ СУ
Алакөлдің тұзды суының құрамында йодтан басқа, Менделеев кестесіндегі барлық химиялық элементтер бар, олар көптеген ауру түрлерін, әсіресе тері ауруларын емдейді. Алакөлдің суы псориаз, экзема, нейродермит сияқты ауруларды емдейді.
Атауы | Орналасқан жері | Бағасы | Қызмет | Кемшіліктері | Артықшылықтары |
«Пеликан» демалыс базасы | Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Алматы облысы, Ақши кенті | 5 000 теңге/ тәулігіне | - Тұру; - Тамақтану; | - Көпшілікке арналған жағажай; - құмдақ жағажай жоқ (қара малта тас); - тамақтану жалпы демалыс құнына кірмейді; - маса; - сауық кештері жоқ (балаларға қараушылар, дискотека жоқ) | - Экологиялық таза шабылған ағаштардан салынған үй; - кондиционермен жабдықталған нөмірлер; - жеке асүй |
«Арасан Алакөл» қонақүй кешені | Көлдің шығыс бетінде орналасқан (Алакөлден 18 шақырым) Барлық шатқалында | 11 000 теңге/ тәулігіне | Нейродерматит; - экзема; псориаз ауруларын емдеу; - қалақай. Ыстық бұлақтың суы толтырылған ваннаға түсу үшін (37-45о) санаторийдің курорттық картасы болуы керек. Медициналық қызметке мыналар кіреді: - массаж; - инемен емдеу; - Шарко душы. | Қызметтің бір бөлігі жеке ақыға көрсетіледі | - Тегін күзетілетін көлік тұрағы; - жасыл алқап; - экологиялық таза шабылған ағаштар; -жеке жағажай; -жеке пирс; -құм жағажай. |
«Барлық Арасан» санаторийі | «Барлық-Арасан» санаторийі Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласынан 640 шақырым жерде орналасқан | 6 200 теңге/тәулігіне | Санаторийде тері ауруларын ғана емес, артритті;- омыртқа остеохондрозы; -радикулитті; - жыныс жолдарының асқынған ауру түрлерін; - бедеулікті де емдейді | Ыстық су тек люкс нөмірлерінде бар;- көпшілікке арналған жағажай; - балалар алаңы жоқ; - жастарға арналған сауық кештері өткізілмейді | Көркі көз тартарлықтай ландшафтар |
Гастрит пе?
Минералды су үшін Сарыағашқа (ОҚО) бармағанда, басқа қайда баруға болады? Дәл осы сумен дәрігерлер асқазан, ішек жолдарын емдейді. Бұл су жай су емес, құрамында гидрокарбонат-натрийі бар су.
Атауы | Орналасқан жері | Бағасы | Қызметі | Кемшілік тері | Артықшылықтары |
Окси Сарыағаш | ОҚО, Шымкент қаласынан 130 шақырым жерде | 12 000 теңге /тәулігіне | - Минералды ванналар; - душ-массаж; - электрофорез - лазермен емдеу; -ішекті аппаратпен, - асқазанды жуу; - ингаляция; - селенді ванналар, - панталық ванналар. | Балалар алаңы жоқтың қасы | Жеке минералды су көзі; - Төрт мезгіл тамақтану (жеке мәзір әзірлеу) |
Сарыағаш | ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті | 6 000 теңге /тәулігіне | - Ем бұлақ көзінен алынған минаралды сумен жүргізіледі – -Батпақпен емдеу - Тұз шахтасы -ҚІЛС (Қанды ішкі лазерлік сәулелендіру) | Ішінара жабдықталған балалар алаңы | Білікті медицина қызметкерлері (жоғары және бірінші сатыдағы дәрігерлер) |
Жансая | ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті | 8 000 теңге / тәулігіне | Тыныш жағдайда емдеу | Сауық кештері аз | Біліктілігі жоғары дәрігерлер жұмыс істейді: терапевт, гастроэнтеролог, уролог, гинеколог, окулист. |
Бурабайдың таза ауасы
Бурабайдың қарағай ормандарының «медициналық» климаты өкпе, тыныс алу жолдары ауруларын емдеуге қолайлы.
Атауы | Орналасқан жері | Бағасы | Қызметі | Кемшіліктері | Артықшылықтары |
Щучинский санаторийі | Щучинск қ., Щучинский кенті | 9 000 теңге/ тәулігіне | Ванналар (қылқан жапырақты өсімдіктерден, інжу, йод-бромды, теңіз тұзы қосылған және басқа да); -ингаляция және т.б. басқа қызметтер | Маса; - суық су көлде ғана; - тозығы жеткен нөмірлер | Керемет табиғат; - таза ауа; - тегін кештер; - балалар бөлмесі. |
Жұмбақтас | Ақмола облысы, Щучинск қ. Приозерная к-сі, 17 | 11 000 теңге/ тәулігіне | Тыныс алу органдарын емдеу:бронхит, трахеит, бронхиальды астма, гайморит, фарингит, отит және т.б. | Фин саунасы жұмыс істейді, жаттығу залы, тир, бадминтон, үстел теннисі, шахмат және дойбы, караоке, dvd-фильмдер көру, би, волейбол алаңдары. | |
Оқ-Жетпес | Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан, Көкшетау тауының етегінде орналасқан (Синюхи), Алакөл көлінің жағасында | 27 200 теңге/ тәулігіне | Жүрек қан-тамыры жүйелері ауруын, тыныс алу органдарын, тыныс-қозғалыс аппараты функцияларының бұзылуын, ас қорыту, қан айналымы жүйелерін және т.б. емдеу | Ақылы интернет | Санаторий жыл бойы жұмыс істейді. Қызмет құнына төрт мезгіл тамақ, қымызбен емдеу кіреді |
Жаз мезгілі – бұл тек еңбек демалысы ғана емес, бір жылға денсаулықты нығайту!