Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүмкіндігі шектеулі жандар велосипедпен Ыстықкөлге аттанды

Мүмкіндігі шектеулі жандар велосипедпен Ыстықкөлге аттанды

Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz - Бүгін Алматыда «Шексіздік спорт» жобасы аясында Алматы әкімшілігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында халықаралық веломарафон басталды, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.

Көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команда Тұңғыш президент саябағынан бастау алып, арнайы велосипедтерімен Қырғызстан еліне аттанып кетті. Велошабандоздар 500 шақырымға жуық қашықтықты 6 күннің ішінде жүріп өтуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осы жоба аясында былтыр 2 зағип және 4 көзі нашар көретін спортшы, сонымен қатар 3 дайындалған «пилотшы» 1200 шақырымды құрайтын Алматы - Астана жолын жүріп өткен болатын. Осы жылы сол спортшыларға 3 қыз қосылып, барлығы қосқанда 4 тандем (зағип) және 7 жеке (көзі нашар көретін) велосипедші ұзақ жолға аттанды.

Похожие материалы