Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Алматыда VI шақырылымдағы мәслихаттың XIX сессиясы барысында қаланың 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 млрд теңге болып қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті. «Алматы 2020 даму» Бағдарламасының тұжырымдарына сай қаланы дамыту мен азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты өзгеріс енгізілді.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3 пайызды құрайды. Бөлшек сауда 6,8 пайызға, өнеркәсіп 4,7 пайызға, байланыс 4,9 пайызға, тұрғын үй салу 15,6 пайызға артқан.
Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 млрд теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 12,2 пайыз болды. Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84 пайыз болуы арқасында қамтамасыз етілді. Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллиардтан 160 млрд теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд теңгеге ұлғайды.
Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыс бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд теңгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024