«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларға заңсыз есептеулер үшін ақшаны қайтарады
Астана. 16 тамыз. 7kun.kz - Монополияға қарсы орган «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізіп, өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газға түзету коэффициенттерін негізсіз есептеген. Бұдан басқа компания тұтынушылармен жасалған келiсiмдерге әр түрлi шарттарды қолданған.
Осыған орай, Монополияға қарсы орган әкімшілік іс қозғады және газ компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарды.
5 айға созылған сот талқылауларының қорытындысы бойынша Астана қаласы соттарының қаулыларымен Қоғам осы фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ нұсқама өз күшінде қалдырылды. Қоғамға газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициенттерін есептеу практикасын тоқтату, сондай-ақ мұндай есептеуден 2012 жылғы шілдеден бастап алынған ақшалай қаражатты қайтару нұсқама етілді.
Қоғамға салынған айыппұл сомасы шамамен 13,4 млн теңгені құрады, ол бүгінгі күні бюджетке толықтай төленді.
Қоғамның деректері бойынша 2 млн тұтынушыға қайтарылуы тиіс сома шамамен 268 млн теңгені құрайды. Нұсқамаға сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақшалай қаражатты 2017 жылғы 18 желтоқсанға дейін қайтаруы тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024