Шымкент. 17 тамыз. 7kun.kz - Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрылысын салуға ниетті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 жылдық тарихы бар компания түрлі салаларда еңбек етеді. Негізінен бизнес жобаларды әзірлеп, инвестициялық ірі құрылымдарды құруға жәрдемдеседі. Компанияның бас ғимараты Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-Аль-Хайма қаласында орналасқан.
«Біздің мақсатымыз - Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт салу. Бұл ретте біздің компания негізгі екі бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр. Оның алғашқысы – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болса, екіншісі – жасыл экономика саласын дамыту. Аталған екі жоба да экологияға зиянсыз әрі екі жаққа да өте тиімді деп ойлаймыз», - деді компания басшысы Йорга Шнайдер.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған зауытты Түркістан мен Кентау қалалары төңірегінен немесе Сарыағаш, Мақтарал аудандарының маңынан салуды ұсынды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024