Астана. 26 тамыз. 7kun.kz - Астанада жыл соңына дейін көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылады. Бұл ең алдымен фермерлерге өнімдерін делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Агроинвест» форумында хабарлады.
Сондай-ақ, тауар бағаларының төмендеуіне де септігін тигізеді. Осы мақсатта келер аптада Испанияның «Миркасо» компаниясымен келісім жасалады деп жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев елімізде ауыл шаруашылығына жарамды 200 млн гектардан астам жер бар екендігін айта кетті. Оның айтуынша, жерге шеттегі инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр.
«Біздегі фермалар шағын. Олардың шығарып жатқан тауарлары өте аз көлемде. Енді оларды біріктіру үшін, және олардан тауарларды сатып алу үшін, жаңа көтерме-бөлшек орталықтар өте керек. Нәтижесінде фермерлер саудасы жеңілдейді және нарыққа делдалдрсыз шыға алады. Басқа шет елден келіп жатқан компаниялар да сатып алғысы келетін заттарын осы орталықтар арқылы тез табады», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024