Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz — Әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында әкім басқарма басшысына 15 мамандық бойынша қажеттілігіне сай, ауыл тұрғындарын оқытып, кәсіпке бейімдеуді айтты. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіптік бейімдеу алдымен ауылдық округ деңгейінде, одан соң аудандық дәрежеде жүзеге асырылады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев облыста осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде 38 413 тұрақты жұмыс орын екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 9682 адам 89 мамандық бойынша жолданды.
"Аталған 15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темір ұстасы, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмір сүру жағдайы қала өркениетіне бейімделер еді. Осылайша, ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеретін боламыз", - деді Ж.Түймебаев.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024