Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның жеке криптовалютасы қашан шығатыны белгілі болды

Қазақстанның жеке криптовалютасы қашан шығатыны белгілі болды

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Аталған процесс мемлекеттің салық жүйесін іске қосуға байланысты шаралар жасалған соң жүзеге асады. Мемлекеттік кіріс комитеті Қазақстанның криптовалюта енгізуге қалай дайындалып жатқанын хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, бірінші кезекте ҚҚС басқаруда блокчейн технологиясын енгізу аяқталуы тиіс. Бұл жүйе ҚҚС қайтарып алуды автоматтандырады. Сондай-ақ жемқорлық және алаяқтық схемаларының алдын алады.

"Одан бөлек, "ҚҚС қайтарылымын қайта қарау" жобасы банктер арасындағы аударымдарды оңтайландырады. Бұл банк жүйесінің белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, бизнес үшін процессинг құнының төмендеуі сияқты жағымды шарттар туғызады", - деп атап өтті мемлекеттік кіріс комитетінде.

Комитеттің ақпаратынша, блокчейн технологиясын енгізу сәтті өтсе, қаржы министрлігі барлық салық түрлерін басқару технологиясын пайдалануды кеңейтеді.

"Бұл халық табысын мағлұмдау процессін оңтайландырады және мемлекеттің бизнес жүргізу мен инвестиция тартуын арттырады. Сонымен қатар, салық салынатын базаны кеңейтеді. Аталған жобалар сәтті іске қосылса жеке криптовлютамызды құруға негіз пайда болады. Ол өз кезегінде мемлекетке фиатты қаражаттан сандық қаражатқа ауысуға мүмкіндік туғызады", - деп атап өтті ведомствада.

Айта кетейік, фиатты қаржы дегеніміз - заңды төлем қаражаты. Оның номиналды құнын мемлекет қояды, қамтамасыз етеді және кепілдік береді.

Похожие материалы