Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі инвестициялық банктердің шикізат саудасынан кірісі азайды

Әлемдегі инвестициялық банктердің шикізат саудасынан кірісі азайды

Лондон. 14 қыркүйек. 7kun.kz — Әлемдегі 12 инвестициялық банктің шикізат саудасынан кірісі 11 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Бұл туралы "Coalition" аналитикалық зерттеулер компаниясы хабарлайды.

2017 жылғы қаңтар-маусымда шикізатпен операциялардың жалпы түсімі 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға төмен. Төмендеуінің негізгі себебі табиғи газ және энергияны тұтынушылар белсенділігінің құбылмалылығы мен қысқаруынан.

Алайда банктердің валюталық жəне тауар нарықтарындағы активті операциялардан түскен табыстары тұрақты болып қалды. 2017 жылдың бірінші жартысында 38,5 миллиард доллар болды. Ал 2016 жылы 38,2 миллиард доллар болған еді. Яғни 1 пайызға да жетпейді. Акциялық саудадан түскен түсім 3 пайызға (22,6 млрд доллардан 23,4 млрд долларға) төмендеді.

«Coalition» құрамына әлемнің ірі Goldman Sachs, JPMorgan Chase & Co, Citigroup Inc, Bank of America Merrill Lynch, Morgan Stanley, Deutsche Bank, Barclays, Credit Suisse, UBS, HSBC Bank Plc, BNP Paribas, Societe Generale инвестициялық банктері кіреді. Дегенмен компанияның талдауына шикізат операцияларынан ерекшеленетін дамыған австралиялық және канадалық ірі банктер ескерілмейді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы