Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта теңгенің девальвацияға ұшырауына ешқандай экономикалық себеп жоқтығын айтты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне болуы мүмкін девальвацияға қатысты пікір білдірді.
"Бұл ойдан шығарылған өсектер. Қазіргі уақытта теңгенің девальвацияға ұшырауына еш себеп жоқ", - деді Назарбаев.
Оның айтуынша, теңгенің құбылмалы бағамы дұрыс бағытта.
"Ұлттық валютаны ұстап тұр, мемлекет қаражысын жұмсауға тура келеді. Біз үйреніп келеміз, бүкіл әлемде солай. Әрине, егер теңге мұнай барреліне 135 доллардан, бірде 40 долларға дейін құлаған кездегідей құбылса, онда рубль де әлсірейді. Ал біз экономикалық тұрғыда және саудада рубльмен тығыз байланыстамыз", - деп атап өтті ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024