Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Келімбетов жалақысының қанша екенін айтты

Қайрат Келімбетов жалақысының қанша екенін айтты

Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов жалақысының қанша болатыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

"Бізде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және сол секілді ұлттық компаниялардың әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тарту бағытында тәжірибелері бар. Сәйкесінше, айлықтың деңгейі регуляторларға байланысты болады. Ең алдымен жергілікті индикаторларды тартқымыз келеді. Өзімнің жеке айлығым туралы айтар болсам, осы ұйымның басқарушы лауазымына Президенттің тапсырмасымен тағайындалдым. Соған сәйкес, барлығы заңмен бақыланады. Айлығым «Бәйтерек» немесе «Самұрық-Қазынадағыдан» жоғары емес. Мүмкін одан да кем болуы мүмкін. Биыл сонымен бірге, ешқандай бонус немесе сыйақы қарастырылған жоқ. Айлығым туралы қалыпты деп айтуға болады. Мөлшері 1 миллионға дейін», - деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов отандық және шетелдік БАҚ алдында ұйымның жұмысын таныстырған болатын.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы