Экономика
Бизнес
2006 жылғы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды екінші деңгейдегі банктердің айырбастау кезеңі аяқталды
Астана. 3 қазан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 3 қазанда екінші деңгейдегі банктердің 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы хабарлайды.
Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмастан 2020 жылғы 3 қазанға дейін айырбастайды.Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 270 45 69 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Филиал | Мекенжайы |
Орталық филиал | 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21 |
Ақмола филиалы | 020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214 |
Алматы қалалық филиалы | 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98 |
Алматы облыстық филиалы | 040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64 |
Атырау филиалы | 060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а |
Ақтөбе филиалы | 030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ к-сі, 45 |
Шығыс Қазақстан филиалы | 070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3 |
Жамбыл филиалы | 080000, Тараз қ., Қазыбек-би к-сі, 137 |
Батыс Қазақстан филиалы | 090000, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16 |
Қызылорда филиалы | 120015, Қызылорда қ., Б. Асқар к-сі, 30 |
Қостанай филиалы | 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 |
Қарағанды филиалы | 100000, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау к-сі, 19 |
Маңғыстау филиалы | 130000, Ақтау қ., 23-шағынаудан |
Павлодар филиалы | 140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 44 |
Солтүстік Қазақстан филиалы | 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6 |
Оңтүстік Қазақстан филиалы | 160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2 |