Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жастарға жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотека беріледі

Жастарға жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотека беріледі

Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Алматыда қалалық мәслихаттың депутаттары жастардың баспаналы болуына жеңілдетілген несие беру үшін бір миллиардқа жуық теңге бөлді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік салаға бөлінген 1,8 миллиард теңгенің басым бөлігі жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге қарастырылған.

"Бұл мәселені шешу үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы тұрғын үй сатып алу үшін жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 миллион теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабу, сондай-ақ 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бөлу көзделіп отыр", - деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ілияс Өсеров.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы