Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 334,22 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 334,22 теңге

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 қазандағы доллардың орташа бағамы 334,22 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,70, сауданың аяқталуы кезінде 334,25 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 97 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 277.

Ақша айырбастау орындарында 12 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 339 теңгені құраған.

Похожие материалы