Алматы. 26 қазан. 7kun.kz - Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) Алматы қаласы тұрғыны Анна Димитриевичтің жеке деректерін жариялауына қатысты түсініктеме берді.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Egov пен ХҚКО-ын біріктіру идеясы авторларының бірі ретінде осы мәселені талдап, орын алған жағдайға байланысты өз ұсыныстарын жеткізетінін айтты.
"Біріншіден ХҚКО қызметкерлерінің деректер базасына кіру мүмкіндігін алып тастар едім. Бұрын анықтама алу ақылы болғанда, жемқорлықпен күрес үшін деректер базасы қажет еді. Ол кезде сұраныс та көп болды. ХҚКО-да анықтама алу үшін 50-70% адам кезекте тұратын. Egov-ты қолданушылар аз болды. Бірақ уақыт өте қазір адамдардың сандық форматта сауатты екенін көруге болады. Дерек базасы тек өзінің электронды кілті бар адамға ғана ашық болсын немесе ұялы телефонға келетін бір реттік құпиясөзбен кірсін", - дейді ол.
Оның айтуынша деректер базасын ХҚКО қызметкерлері мына жағдайда ғана қарай алатындай ету керек;
а) FaceRecognition. Яғни қызметкердің келбеті құжатты рәсімдеу кезіндегі дерекқордағы суретпен сәйкес келуі.
б) FingerPrint. Қызметкерден құжат тапсырғанда саусақ іздерін алу керек. Яғни саусақ іздерінің сәйкестігі. в) Құжатты алу барысында екеуі де сәйкес келмесе, ХҚКО директорының көзінше ашу керек.Бұл банктегідей, мәселен сіз ойлағандай болмаса есеп жағдайын қарау немесе қандай да бір операциялардың қосымша тексеру барысында лауазымы жоғары адамның көзінше ашылуы тиіс.
Сонымен қатар, Бағдат Мусин мәселені шешуге ұсыныстар берген дұрыстығын айтады.
"Осы секілді егер бірқатар ұсыныстар берілетін болса ХҚКО басшылыға қарастырады деп ойлаймын. Меніңше даттай бергеннен гөрі осы мәселені шешу бойынша ұсыныстар берген дұрыс. ХҚКО тірі ағза секілді. Оның жұмысын жақсарту жолында үнемі тұрақты түрде жұмыс істеп тұру керек. Қазіргі басшылық бұл жағдайды тез арада түзейді деп ойлаймын",- дейді ол.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Анна Димитриевич ХҚКО-ын жеке деректерді жариялады деп айыптаған еді.
Оның айтуынша, Egov порталында жеке кабинетіне кірген кезде, белгісіз біреу оның рұхсатынсыз мекен-жай анықтамасы мен жылжымайтын мүлікке қатысты анықтаманы басқан.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024