ХҚКО-ға бармай-ақ тұратын жері бойынша тіркеуге тұруға және одан шығуға болады – Тұрғынбаев
Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша ІІМ жүйелі шаралар қабылдап отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні Министрлік мемлекеттік қызметтің 39 түрін көрсетеді, ведомствоның қызметкерлері 286 халыққа қызмет көрсету орталығында және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.
2017 жылдың 10 айы ішінде азаматтарға 19 млн 742 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның басым көпшілігі – мекенжай анықтамаларын беру, автокөліктерді тіркеу, халықты құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты және уақытша тұру орындарына тіркеу.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және процестерді жылдамдату үшін ІІМ оларды электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандыруды белсенді енгізіп отыр.
Сонымен қатар 2017 жылдың басында ХҚКО-на бармай-ақ онлайн режимде «электрондық үкімет» порталы арқылы уақытша тіркеу жүргізу мүмкіндігі туды.
2017 жылғы 1 қарашадан бастап уақытша және тұрақты тіркеу кезінде тұрғын үйге меншік құқығы туралы 2-нысанды анықтаманы талап ету жойылды (тек 25 күн ішінде 138 мың адам тіркеуге тұрды, оның ішінде 115 мың адам – тұрақты тіркеуге және 23 мың адам уақытша тұратын орны бойынша тіркелді).
"Сондай-ақ, қазіргі уақытта ХҚКО-на бармай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмі пысықталды. Оны 2018 жылы іске қосу жоспарланды", – деп атап көрсетті министрдің орынбасары Е. Тұрғынбаев.
Ақпарат және коммуникациялар, Әділет, Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйесін біріктіру негізінде «Электрондық үй кітапшасы» жасалынды. Ол әрбір елді мекен бойынша халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады, үйдің иесіне оның меншігінде тіркеуге тұрған адамдар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметіПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024