Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазгеология" АҚ Қазақстанда сирек жер металдарын барлауды жүргізеді

"Қазгеология" АҚ Қазақстанда сирек жер металдарын барлауды жүргізеді

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында алғаш рет мемлекеттік тапсырма бойынша 16 негізгі кен провинциясында  сирек жер металдарына (иттрий, итербий) геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз конференциясында «Қазгеология» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов хабарлады.

«5,5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5,5 мың қ.км тау-кен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды. Жалпы сомасы 244 млн теңгенің жұмыстары орындалды. 2018 жылы 259 млн теңгені игеру жоспарланып отыр» -деп атап өтті Ғ.Нұржанов.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін бөлінген учаскелердің перспективалары бағаланып, жерде сирек кездесетін элементтерді одан әрі зерттеу жұмыстарының бағдарламасы әзірленеді. Сондай-ақ, перспективалы учаскелерде Оңтүстік Корея мен Жапонияның жоғары технологиялары бар компаниялары жұмысқа тартылады. Олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы