Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық Азиядағы USAID халықаралық миссиясының директоры Кристофер Эдвардспен кездесті.
Кездесуге, сондай-ақ, Қазақстандағы USAID Өкілдігінің директоры Александр Лейн, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова, Дін істері комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев қатысты.
Шара барысында Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның USAID ұйымымен серіктестік қарым-қатынасы аясында азаматтық сектордағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді өзара іс-қимыл жүйесі құрылғанын атап өтті.
Министр діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының ережелеріне және жоспарланған заңнамалық өзгерістерге тоқталып өтті.
Ал, USAID-тың Орталық Азиядағы миссиясының директоры Кристофер Эдвардс екі жақты әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Азаматтық қоғамды дамытудағы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысын оң бағалады.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылай отырып, тараптар діни радикализмнің алдын алу, сондай-ақ, жастар саясаты салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
USAID Агенттігі Қазақстанда 1992 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді. USAID Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторларымен бірлесіп, экономиканы әртараптандыруды күшейтеді. Одан әрі демократиялық реформалар мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды іске асыруға өз үлесін қосады. USAID ұйымының қолдауымен түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық мүдделерді ілгерілетуге бағытталған ҮЕҰ тұрақты желісі құрылғанын атап өткен жөн.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024