Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Мемлекеттік бағдарлама аясында 8457 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, қайта қаржыландыру бағдарламасы екі блоктан тұрады. Бірінші блок 2004 жылдан 2009 жылға дейін қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Оларды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.
"2019 жылғы 10 казандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескере отырып 169,2 млрд теңге сомаға 27 406 қарыз мақұлданды, 154,08 млрд теңге сомаға 26 074 қарыз қайта қаржыландырылды", - делінген хабарламада.
Бағдарламаның екінші блогы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.
" 2019 жылғы 10 казандағы банктер 74,6 млрд теңге сомаға 8 457 өтінімді мақұлдады, 60,9 млрд теңге 7 064 қарыз қайта қаржыландырылды", - деп мәлімдеді реттеуші.
Айта кетейік, қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушылар кредитор-банкке жүгінуі қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024