Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық үшін қаржы құралдарының 2017 жылғы ұлттық валютадағы кірістілігі

Халық үшін қаржы құралдарының 2017 жылғы ұлттық валютадағы кірістілігі

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк халық үшін түрлі қаржы құралдарының 2017 жылғы номиналды кірістілігі бойынша ұлттық валюта баламасындағы салыстырмалы түрдегі есебін жүргізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі түрлі валютамен – теңгемен, Ресей рублімен, АҚШ долларымен және еуромен банктік салымдары, қолма-қол доллардың, еуроның, Ресей рублінің және қолма-қол теңгенің сақталуы, сондай-ақ алтынға инвестициялау таңдап алынды.

Еуроға салынған салымдар. 2017 жылы ең көп кірісті бағам айырмасына байланысты еуроға салынған салымдар әкелді. Еуроаймақтағы жағымды өзгерістер нәтижесінде  2017 жылы еуро долларға қатысты 12,3 пайызға нығайды. Соның нәтижесінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген салымдар бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесін есептегенде еуромен мерзімді депозиттер бойынша кірістілік 15,3 пайыз болды, ал қолма-қол еуромен жинақ ақшаны сақтау 13 пайызға тең болатын кіріс әкелді.

Теңгемен депозиттерге салынған салымдар. Еуромен салынған депозиттермен салыстырғанда теңгемен салынған депозиттер де жыл ішінде 14,9 пайыз мөлшердегі кірісті қамтамасыз ете отырып кіріс әкелді.

Ресей рублімен салынған салымдар. Кірістілік бойынша келесі орында рубльмен салынған депозиттер болды. 2017 жылы Ресей рублі теңгемен салыстырғанда көбінесе Ресейдегі инфляция деңгейінің неғұрлым төмен болуы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесімен салыстырғанда Ресей Орталық банкінің негізгі пайыздық мөлшерлемесінің нақты көрсеткіш бойынша неғұрлым жоғары болуы нәтижесінде 6,3 пайызға нығайды.

Алтынға салынған салымдар. Алтынға салынған салымдар алтын бағасының 13,1 пайызға өсуі және теңгенің АҚШ долларына 0,3 пайызға нығаюы нәтижесінде 12,8 пайыз мөлшерінде кірістілік әкелді. 2017 жылы дүниежүзінде алтынның ірі сатып алушысы ретінде Қытай, алтынды санкциялардың теріс әсерінен қорғау құралы ретінде пайдаланатын Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдері және Латын Америкасының кейбір елдері тарапынан үдемелі сұраныс алтын бағасының өсуінің негізгі факторы болды.

АҚШ долларына салынған салымдар. 2017 жылы теңгенің АҚШ долларына 0,3 пайызға нығаюы аясында осы валютаға салынған салымдар инвестициялаудың ең нашар нұсқасы болды. Мәселен, мерзімді доллар салымдары бойынша кірістілік 1,7 пайыз болды, ал қолма-қол АҚШ долларын сақтау 0,3 пайыз мөлшерде теріс кірістілік әкелді.

Похожие материалы