Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – АҚШ-та әлемдегі ең қымбат дәрі сатылымға шығарылды. Luxturna деп аталатын препараттың бағасы 850 мың долларға тең, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Дәріні Филадельфияда орналасқан гендік терапия саласындағы Spark Therapeutics фармацевтикалық компаниясы шығаратын болады. 2017 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Өнімдер және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Luxturna препаратының көздің ішкі тор қабығының сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауруы - Лебер амаврозын емдейтін қасиетін растады. Препарат гендік модификацияланған вирустың көмегімен көздің ішкі тор қабығының жасушаларын дұрыстап, көру қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдеседі.
Вирус 45 минутқа созылатын ота арқылы тікелей көз алмасына енгізіледі. Препаратты бір рет қабылдаудың өзі жеткілікті. Атап өтілгендей, АҚШ-та бұл диагнозбен екі мыңға жуық адам өмір сүреді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024