Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және 2018 жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Үкіметтің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары аясында өз жұмысын келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында автожолдарды салуға бөлінетін қаржының тиімділігі мен ашықтығын бақылау күшейтіледі.
«Биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам жолды және жергілікті желідегі 2,5 мың шақырым жолды реконструкциялаймыз.
Сонымен қатар, өңірлік мобильділікті жетілдіріп, жергілікті желідегі жолдардың сапасын арттыру үшін облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды 60 млрд теңгеге арттыру мәселесі қаралды», - деді Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Жалпы, орта мерзімді уақытта жергілікті желіні дамытуға жыл сайын 150 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Ол жыл сайын 5000 шақырымға дейінгі жолды жөндеуге және 2025 жылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 85 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024