Нешетүрлі каналдарды оқи жүріп түсінгенім - Телеграмда жаңалық таратып керек жоқ.
Өйткені бұл - эксперттер алаңы.
Телеграм қолданушылар нақты пікір күтеді. Мен өзім де жаңалықтарды бұл жерден қарамаймын. Courtesy subscribe Азаттық және 7күн каналдарына жасалған. Бірақ оларды да оқымаймын. Өйткені онда жазылатыны - мен уже әлдеқашан фбдан көрген жаңалықтар және құр сілтемелер. Сілтемелер - жаман идея. Өйткені оларды біреу басып, тірі жан сайтқа өтеді деп тіпті армандамай-ақ қоюыңа болады. Ешкім де өтпейді. Мүмкін, суперэксклюзив тақырып болса өтер, бірақ эксклюзив ілуде бір болатын нәрсе, ал күнделікті тарататын ақпаратың - шлак.
Мораль 1: Құр ақпарат берме, оған қатысты пікірді жарияла - телеграм қолданушылары мұнда жаңалық оқымайды, қолы бос кезде салиқалы пікір мен аналитика, эксперттерді оқиды. Сауалнама - как вариант.
Мысалдар келтірейін.
РИА Новости - рунеттегі аса танымал, ең көп қаралатын жаңалықтар сайты. Твиттерде оның 3 млн жазылушысы бар, ал белсенді түрде жарнамалаған Телеграмдағы каналы бір жылда тек қана 17 000 жазылушы жинай алды. Күніне РИАН 20 шақты жаңалық тастайды екен каналында.
Ал енді Сноб жобасын алып қарайық: Твиттерде бар болғаны 586 000 оқырман, ал Телеграмда - 29 мың жазылушы бар екен, қарқынды түрде көбейіп келеді. Бұл каналда күніне 4, ары кетсе 6 мақала пайда болады.
Медуза ше? Твиттерде 1,14 млн жазылушысы бар ресурс Телеграмда екі канал жүргізеді: 88 мың шақты жазылушысы Медузадан күнделікті 8-10 жаңалық алып отырады (MeduzaLive), ал 23 мыңға жуық оқырман әр кеште редакция таңдап берген бір ғана материал оқиды (MeduzaEvening). Жақсы шешім тапқан. Мен осы кешкі Медузаны оқимын.
Мораль 2: Тышқақ тигендей, бытқыратып сілтеме жаудырма, аса маңызды тақырыптағы 3-5 ойлы, терең зерттелген мақалаға сілте.
Көп редакциялардың жаман ауруы - сниппетпен жұмыс істей алмайды.
Мысалы, сілтемені бөліскенде снипетте тақырып тұрады: "Өскеменде 10 бомж 2 лесбиянканы пісіріп жеп қойыпты". Бұл тақырып тупой жаңалықтың лидінде тұрады. Одан келеді де сммщик дәл осы тақырыпты Телеграмдағы каналға дымын өзгертпей лақ еткізеді. Осындай сммшілерді өтпейтін пышақпен қинап бауыздап өлтіріп, канибалға тастағым келеді.
Мораль 3: Сммщик, текст жазып үйрен, журналист быраттың жазғанын көшіре салуды менің мысығым да үйреніп алады.
Жалпы мораль қандай?
Әр әлжелі платформасының аудиториясы әртүрлі. Инстадағы аудитория жұта салатын нәрсені фбда өткізем деп әуре болма. Тіпті бір суретті сала отырып, оларға әртүрлі текст жазасың.
Мысалы, жаңалық: "Қазақстанда латын алфавитінің нұсқасы бекітілді" - түрлі әлжеліде қалай жариялаймыз?
Instagram - Жасөспірімдер, жастар, білімі - орта және орта арнаулы, қызық жайттарды, әдемі өмірді көргісі келеді, танымал жұлдыздардың жеке өмірімен танысқысы келеді.
Сурет: Алфавит.
Мәтін: Оқушылар мен студенттер латын қаріптерімен смс жазуға бұрыннан үйреніп алған, жаңа алфавит бойынша жазу түк қиын емес. Біз де үйрене бастадық - көп ұзамай жаңалықтарды осындай әріптермен жазамыз.
Facebook - Ойлы, ақыл тоқтатқан, жоғары білімді, пікірі бар, сол пікірімен бөліспесе саусағы сырқырайтындар.
Сурет: Снипеттегі иллюстрация - алфавит суреті. Сниппет - міндетті түрде болуы керек.
Мәтін: Жаңа алфавит бойынша жазу қаншалықты оңай? Әзірге лайықталған клавиатура да жоқ. Назарбаев жаңа қаріпке кезең-кезеңімен 2 жылда өтеміз деп отыр. Бүгін бұл туралы жарлыққа қолын қойды.
Алфавиттің жаңа нұсқасы қалай?
Telegram - жоғары білімді, шығармашылық мамандық, техникалық саладағы эксперт, саясаткер, интроверт, әдетте жұмысы көп, Телеграмды тәулігіне 2-3 рет қана ашады, чаттар мүшесі, бірақ мұндағы чаттар негізінен кәсіби тақырыпта. Туысқандар - вацапта.
Сурет: Снипеттегі иллюстрация - алфавит суреті. Сниппет - міндетті түрде болуы керек.
Мәтін: Instant view арқылы жазылған қазақтардың алфавиттік тарихына шолу: Қазақтар жазуды ХІХ ғасыр ортасында үйренді. Ол кезде төте жазумен, кейін латын қарпімен жазды, ал 1917 жылдан бастап кирилл қарпін қолданды - деген сарында. Ішінде тарихи құжаттар - жарлықтар мен газет скриндері, бұрынғы заман оқушылары бейнеленген суреттер.
Айтпақшы
- Ресей тәжірибесі көрсетіп отырғандай, осы жаңалықтар сайттарынан гөрі, олардың редакторлары өз атынан ашқан каналдарға қызығушылық жоғарырақ. Мысалы, Медузаның журналистері мен редакторлары эксперттік каналдарын жүргізеді, олардың әрқайсына құрығанда 5-15 мың адам жазылған.
- Осы постымды жазу барысында бірнеше қазақстандық орысша медианың каналдарын қарадым. Ең жақсы телеграм-smm - Informburo.kz сайтында екен. БІРАҚ. Каналға сілтеме ресми сайтта көрсетілмеген. Ужасный олқылық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024