Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша шет елге шығатын туристерді сақтандыру схемасы заң жүйзінде өзгереді.
Қазір туроператордың жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандыру құжаты, егер туроператордың қателескендігі дәлелденетін болса ғана жұмыс жасайды. Ал мұндай жағдай өте сирек болады. Турист, әдетте, өзінің проблемаларымен, негізінен, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге байланысты проблемалармен жеке қалады.
«Туроператор жолдаманы өткізген кезде туристке сақтандыру сертификатын беруге міндетті екендігін айтты. Сақтандыру сертификатында шетелде медициналық қызметке қолжеткізу бойынша көмекті тәулік бойы режимінде ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың байланыс деректері көрсетілетін болады. Шетелде сақтандыру оқиғасы басталған кезде турист медициналық қызметтерге, жедел медициналық көмекке және елге қайта оралуға ақы төлеу бойынша шығыстарды көтермейді. Бұл шығыстарды сақтандыру компаниясы туристке көмек көрсететін халықаралық компания арқылы өтейді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
Ұлттық банк басшысы туроператор үшін күтілетін сақтандыру құны жоғары болмайды деп атап өтті. Шамамен күніне 320 теңге болары белгілі.
«Бұл ретте сақтандыру өтемі 3 – 16 млн теңге аралығында болады. Мұндай сақтандыру құжаты туроператорлардың қызметтеріне жүгінетін туристер үшін ғана қажет болады. Туроператорларға жүгінбейтін туристер және шет елге өзі баратын азаматтар өз жауапкершіліктерін өздері көтереді және мемлекет олардың сақтандырылуын міндеттей алмайды», - дейді Ақышев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024