Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Барселонадағы MWC 2018 көрмесінде гаджет өндірушілер халықты таң қалдырудан шаршамайды. Бұл жолы қытайлық Haier компаниясы сарапшылар мен көрермендер қауымына ерекше ASU Watch ақылды сағатын ұсынды. Сағаттың өзгешелігі экрандағы бейнені үлкейтіп, оны қолда көрсетеді. Ал, бұл ішінде орналасқан проектор арқылы іске асады.
Қытайлық өндірушілердің айтуынша, бұл гаджет үнемі асығып жүретін адамдарға тиімді. Енді, бұл сағатты иеленгендер уақыттың қанша болғанын қарау үшін тоқтап тұрмайды. Бар болғаны, батырманы басса жеткілікті. Үлкейтілген бейне білекте көрінеді.
Сондай-ақ, қолданушының сағат дисплейінде салған ақпараты да проектор арқылы бейнеленіп көрсетіледі.
Алайда, сарапшылар адам жылжығанда қол терісінің деформациясы әсерінен бейненің нақты көрінбейтінін байқады. Сондықтан, ASU Watch сағатын қызықты өнім қатарына қосты. Десе де, құрылғы пайдалы, әрі қажетті функцияларға ие екенін айту керек.
https://youtu.be/xDmulAPBkxs
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024