Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — «Даму» қоры 40 млн долларға жеке секторды дамыту жөнінде ислам корпорациясымен (ICD) келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды LS.
Бұл қаражат исламдық қаржыландыру қағидатын ұстанатын шағын және орта бизнесті қолдау үшін қолданылады.
«Қазақстанда осы нарықты дамыту үшін әр түрлі басым бағыттар әзірленіп жатыр. Адамдар бұндай қаржыландырудың өнімі мен қызметі туралы аз білсе де, біздің жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің ұсыныстары қорға енеді. Біз басқа да қаржы институттарымен бірлесіп, исламдық қаржыландырумен жұртшылықты хабардар етуге тырысамыз», - деді қордағылар.
Сондай-ақ, ұйым Даму қоры қарыз алушыларды тікелей кредиттемейтіндігін еске салды. Тартылған қаражат кәсіпкерлерді кейіннен несиелендіру үшін исламдық қаржы ұйымдарында орналастырылатын болады. Қор Al Hilal Bank пен Заман-Банк сияқты банктермен, «Аль Сакр Финанс» және «Қазақстандық Ижара компания» секілді лизингтік компаниялармен ынтымақтасуды жоспарлап отыр.
Қорытындылай келе, Даму қоры шариғат тұрғысынан рұқсат етілген экономиканың кез келген саласынан келген кәсіпкерлер осы қаражатқа сенулеріне болатынын айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024