Алматы. 28 наурыз 7kun.kz - Бүгін 28 наурызда Астанада «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV съезі өз жұмысын бастады.
«Съезд мақсаты – жастар саясатын жаңғыру. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы, соңғы екі Жолдауы, бес әлеуметтік бастамасы, соның бәрін қосып жастарға арналған үлкен бағдарлама, үлкен жоба құрастырамыз. Бүгінгі іс-шара жаңа форматта өтіп жатыр. Ертеңгі іс-шара виртуалды шындық форматында өтеді. Бұл модернизацияны аймақтардан келген жастарымыз көріп, Қазақстан бойынша таратады», - деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев съездің алғашқы күнінде.
Ол съезд қорытынды құжаты жастар саясатына өзгеріс әкеліп, әсер ететінін атап өтті.
«Бізде «Жастар ауылға», «Корпоротивтік волонтер», «Digital Nation» деген жобалар бар. Бұл жобалар болашақта «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» секілді бағдарламаларға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Жастар жаңа әлемге жол салуға дайын. Съезд неліктен бұлай аталады? Бүгінгі жастар бәсекеге қабілетті, жаңа әлемге жол салуға дайынбыз және Қазақстан жастарын жаңа әлемге жол салуға шақырамыз», - деді Данияр Сүндетбаев.
«Жаңа әлемге жол саламыз» атты ұранмен өтіп жатқан съезге еліміздің әр өңірінен 1500-ден астам делегат келген. Іс-шараның алғашқы күні «Jas Otan conf» деген атаумен конференция форматында ұйымдастырылады. Сонымен бірге бүгін сайлауда жеңіске жектен Орталық кеңестің жаңа мүшелерінің есімдері белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024