Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla акциялары 8 пайызға төмендеді

Tesla акциялары 8 пайызға төмендеді

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Moody's Investors Service рейтинг агенттігі Tesla Inc компаниясының ұзақ мерзімді міндеттемелерінің несие рейтингісінің төмендеуін жариялады. Бұл компанияның несиелік рейтингісінің одан әрі нашарлау қаупі бар екенін көрсетеді, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Moody's нұсқасы бойынша Tesla компаниясының ұзақ мерзімді міндеттемелерінің рейтингі «B2»-ден «B3»-ке дейін төмендеді, рейтинг бойынша болжам - «теріс». Moody's компаниясының айтуынша, Tesla компаниясы Tesla Model 3-ті өндіру бойынша жарияланған жоспарларды жүзеге асыра алмайды, сондай-ақ, болашақта рейтинг одан әрі төмендеуі мүмкін.

«Tesla компаниясының рейтингі Model 3 электромобилін өндіру қарқынын едәуір кешіктіріп отыр. Сонымен қатар, компания ақшалай қаражаттардың теріс ағымының салдарынан өтімділік проблемаларына, сондай-ақ айырбасталатын міндеттемелердің мерзімінің жақындауына тап болып отыр (2018 жылдың қарашасында 230 млн доллар және 2019 жылдың наурызында 920 млн доллар). 2017 жылдың төртінші тоқсанында Tesla тек 2 452 көлік құрастырды. Қазіргі уақытта компания 2018 жылдың наурыз айының соңына дейін 2500 және 2018 жылдың маусым айының соңына дейін 5000 автокөлік өндіруді жоспарлап отыр. Бір жыл бұрын компания 2017 жылдың соңына қарай өндіріс қарқыны 5000 автокөлік және 2018 жылдың соңына қарай 10 мың автокөлік өндіретінін болжаған болатын. Компания Model 3 өндірісінде жаңартылған мақсаттарды орындай алмаған жағдайда, Tesla-ның рейтингісі одан әрі төмендеуі мүмкін», - деді агенттіктің сарапшылары.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың 27 наурызында Nasdaq сауда-саттығының қорытындысы бойынша Tesla акциялары 8 пайызға төмендеді.

Похожие материалы