Аризона билігі Uber-ге пилотсыз көліктерді сынақтан өткізуге тыйым салды
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Uber пилотсыз автокөлігі кешкі уақытта жаяу жүргінші арқылы жолды өтпек болған адамды қағу оқиғасының жалғасы айқын еді. Жол-көлік апатының салдарынан жаяу жүргінші әйел өмір сүруге жарамас жарақаттар алып, кейінірек ауруханада қайтыс болғанын еске салайық.
Аризонаның ресми билік органдары мемлекеттің қоғамдық жолдарында компанияның пилотсыз көліктерін одан әрі сынауға тыйым салды. Аризона губернаторы Uber-дің бас директоры Дара Хосровшахиге хат жіберді. Хатта губернатор соңғы кездегі оқиғаны «қауіпті және қорқынышты» деп сипаттады. Ол онсыз да түсінікті. Автокөлікте орналасқан регистратордағы жазбалар жарияланғаннан кейін, не көліктің өзі, не оны тестілеуден өткізіп тұрған адам да соқтығысуды болдырмайтын ешқандай да шара қолданбағаны анықталды.
Бұдан бұрын, Uber өкілдері Аризона штатының аймағында, Сан-Франциско, Торонто мен Питсбург қалаларының жолдарында пилотсыз көліктерді сынау уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Алайда, егер аталмыш қалалардың билігі де мұндай сынақтарға қарсы болса, Uber қызғылықсыз жағдайда қалады. Себебі, автоұшқышты үйрету және ұшқышсыз жүру жүйесінің тестілеуі қоғамдық қолданыстағы жолдарды қажет етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024